Құпиялылық саясаты
Соңғы өзгеріс: 2026-10-17 · Қызмет көрсетуші: ЖК ТҰРСЫНБАЙ
1. Қандай деректер жинаймыз
- Аккаунт: email; Google арқылы кірсеңіз — аты-жөніңіз бен суретіңіздің сілтемесі (Google берсе).
- Чат тарихы: түрлендірген мәтіндеріңіз бен нәтижелер (тек тіркелген пайдаланушыда).
- Файлдар (Plus): жүктеген .docx/.txt файлы түрлендірілген соң бірден өшіріледі; нәтиже файлы чатпен бірге сақталады.
- Жеке сөздік және қате хабарлары: өзіңіз түзеткен сөздер.
- Лимит есебі: түрлендірілген таңба саны мен уақыты. Тіркелмеген пайдаланушы үшін — кездейсоқ cookie идентификаторы және IP-мекенжайдың хэші (IP-дің өзі сақталмайды).
- Төлем: жазылым күйі мен Lemon Squeezy-дегі тапсырыс/жазылым нөмірі. Карта деректері бізге берілмейді.
2. Деректерді не үшін қолданамыз
Түрлендіру, чат тарихын көрсету, лимитті есептеу, жазылымды басқару, қауіпсіздік (бот пен теріс пайдаланудан қорғау) және алгоритм сапасын жақсарту үшін. Деректеріңізді сатпаймыз және жарнамаға пайдаланбаймыз.
3. Алгоритмді жақсарту
Free тарифінде және тіркелусіз пайдаланғанда кириллицадан төтеге түрлендірілген мәтіннен жеке сөз жұптары (мысалы, «кітап ↔ كىتاپ») жиналуы мүмкін. Мәтіннің өзі және оның кімге тиесілі екені сақталмайды. Plus жазылушыларының мәтіні жиналмайды.
4. Сақтау мерзімі
- Free чат тарихы — соңғы әрекеттен кейін 30 күн; Plus — өзіңіз өшіргенше.
- Чатты өшірсеңіз, оның хабарлары бірден, файлдары бір тәулік ішінде өшіріледі.
- Лимит есебінің жазбалары — тіркелгендерде 8 күн, тіркелмегендерде 90 күн (бір реттік тегін үлесті есептеу үшін).
- Аккаунтты өшіруді сұрасаңыз — 30 күн ішінде барлық дерегіңіз өшіріледі (заң бойынша сақталуы тиіс төлем жазбаларынан басқа).
5. Деректерді өңдейтін серіктестер
- Supabase — дерекқор, аккаунт және файл қоймасы.
- Vercel — сайт хостингі.
- Lemon Squeezy — төлем қабылдау, салық, түбіртек.
- Google — «Google арқылы кіру» таңдасаңыз.
- Cloudflare Turnstile — бот тексерісі (қосулы болса).
Бұл серіктестердің серверлері Қазақстаннан тыс жерде орналасуы мүмкін; деректер олардың қорғау шараларымен беріледі.
6. Cookie
Тек жұмысқа қажет cookie қолданамыз: кіру сессиясы және тіркелусіз пайдаланушының лимитін есептейтін идентификатор. Жарнамалық немесе бақылаушы cookie жоқ.
7. Сіздің құқықтарыңыз
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес деректеріңізді көруге, түзетуге, өшіруді талап етуге құқығыңыз бар. Чаттарды өзіңіз кез келген уақытта өшіре аласыз; аккаунтты өшіру үшін тіркелген email-іңізден kazscript.app@gmail.com мекенжайына жазыңыз.
8. Өзгерістер
Саясат өзгерсе, осы бетте жариялаймыз, маңызды өзгеріс туралы алдын ала хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса: kazscript.app@gmail.com