Қайтару шарттары

Соңғы өзгеріс: 2026-10-17 · Қызмет көрсетуші: ЖК ТҰРСЫНБАЙ

1. Бірінші төлем — 14 күн

Plus жазылымының бірінші төлемінен кейін 14 күн ішінде сұрасаңыз, ақшаңызды толық қайтарамыз — себебін түсіндіру міндетті емес. Қайтарылған соң Plus бірден тоқтатылады.

2. Кейінгі төлемдер

Жазылым ұзартылған (екінші және кейінгі) төлемдер әдетте қайтарылмайды. Ұзартылғысы келмесе, жазылымды келесі төлем күніне дейін тоқтатыңыз.

Ерекшелік: қате немесе екі рет алынған төлем, сондай-ақ біздің тараптан ұзақ уақыт жұмыс істемеген қызмет үшін төлем — толық қайтарылады.

3. Жазылымды тоқтату

Профиль → «Жазылымды басқару» арқылы кез келген уақытта тоқтатуға болады. Тоқтатқан соң келесі төлем алынбайды, ал ақысы төленген мерзім біткенше Plus сақталады.

4. Қалай сұрауға болады

Жазылымға тіркелген email-іңізден kazscript.app@gmail.com мекенжайына «Қайтару» деп жазыңыз. Төлемді Lemon Squeezy қабылдағандықтан, қайтаруды да сол жүйе арқылы жасаймыз: ақша сол картаға әдетте 5–10 жұмыс күнінде түседі.

Картаңыздан USD баламасы алынған болса, қайтарылатын сома да USD-мен есептеледі; банк бағамының айырмасына жауап бермейміз.

Сұрақтарыңыз болса: kazscript.app@gmail.com